АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейганның зайыбы Нэнси Рейган өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейганның зайыбы Нэнси Рейган 94 жасында жүрек дертінің асқынуы салдарынан көз жұмды.

АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейганның зайыбы Нэнси Рейган өмірден озды

Бұл ақпаратты оның отбасы мүшелері де растады. Рейганның қайтыс болғандығы жөніндегі хабар Рональд Рейганның Калифорния штатындағы Президенттік қоры және кітапханасы қоры жария етті.

Бұл ұйым Н. Рейганнды жерлеу рәсімін ұйымдастырады. Марқұм ерінің қабірі жанында жерленеді.

Соңғы жылдары оның денсаулығы күрт төмендеді. Кәсіби актриса 1952 жылы Рональд Рейганға тұрмысқа шыққан болатын. Ол кезде АҚШ-тың болашақ президенті актер еді. Рональд Рейган 1981-1989 жылдары АҚШ-тың президенті болды.