АҚШ-тың Флинт қаласында ауыз судың ластануына байланысты төтенше жағдай енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барак Обама Мичиган штаты Флинт қаласында ауыз суға қорғасын араласып, ластануына байланысты төтенше жағдай жариялап, оны жою үшін федералдық қаражаттан бес миллион доллар бөлді, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Химиялық сараптамалар қазан айында аталған мәселені анықтады. Осыған дейін қала тұрғындары судың ерекше түсі мен жағымсыз иісі барын айтып, шағымданған. Флинттегі кей азаматтардың қанында, соның ішінде балаларда қорғасын анықталды.
Мамандар болған жайдың себептерін әлі де анықтау үстінде.
Президент Мичиган губернаторы Рик Снайдердің қаланы апатты аймақ деп жариялау туралы өтінішін қанағаттандырмады.