АҚШ-тың Хьюстон қаласында алапат су тасқыны болып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Хьюстон қаласында болып жатқан су тасқынынан 2000 адам қауіпсіз жерге шығарылып, құтқарылды. Су тасқынына "Харви" дауылы себеп болған, деп хабарлайды Би-би-си.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында алапат су тасқыны болып жатыр

Аталған штаттың басқа да аудандарында нөсер жауын құйып тұр.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, қала аумағында төтенше жағдай жарияланған, мұнда көлік қатынасы қиындап кеткен.

Сондай-ақ, бес адамның қаза тапқаны туралы дерек бар. Алайда әзірге тек 2 адамның қазасы нақтыланды.

Губернатор Грег Эбботтың сөзінше, қалаға 50 см жауын-шашын түскен. Одан бөлек 40 см жауын-шашын түсуі ықтимал.

Құтқарушылардың жұмысын қатты жел тіптен қиындатып жіберген. Оған қоса мыңдаған адам жарықсыз қалған. 



Түсініктеме: Суретте Хьюстондағы I-610  даңғылының су астында қалған бейнесі. Сыртқы бақылау камерасынан алынған. 



Суреттер Би-би-си-ден алынды.