АҚШ-тың Хьюстон қаласында Юрий Гагаринге мүсін орнатылды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - NASA штаб-пәтері орналасқан Хьюстон қаласында Юрий Гагариннің қола мүсіні орнатылды, деп хабарлайды РБК.
None
None

Хьюстон қаласы әкімшілігінің пайымдауынша, Юрий Гагарин ескерткіші ғарышты игерудегі ресейлік-американдық ынтымақтастықтың нышанына айналуы тиіс. Қола мүсіннің авторы - ресейлік мүсінші Алексей Леонов. Мүсін американдық космонавтика үшін тарихи маңызы бар NASA-ның бірінші кеңсесі орналасқан ғимарат жанындағы саябақта орнатылады. Ескерткіштің салтанатты ашылуы 15 қазанға жоспарланған, оған РФ СІМ өкілдері мен астроновтар қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар