АҚШ-тың Ирактағы экс-елшісі ақша жылыстату күдігіне ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы жоғары қызметтегі дипломаты Залмай Халилзадқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп жазады ВВС.

АҚШ-тың Ирактағы экс-елшісі ақша жылыстату күдігіне ілінді

Құқық қорғау органдарының пайымынша, АҚШ-тың Ирактағы бұрынғы елшісі австриялық банктерде өзінің әйелінің есеп-шоттары арқылы ақшаны жылыстатып, ізін жасырған.

Осы орайда Залмай Халилзад 1,4 млн. доллар қаржыны жылыстатты деген күдікке ілінді. Австриялық билік дипломаттың зайыбына ашылған бірнеше есеп-шоттарға тыйым салды.

Экс-елшінің әйелінің қорғаушысы бұл есеп-шоттардың көмегімен ақшаның ізі жасырылғандығы жайында америкалық билік нақты дәлелдер ұсына алмай отырғандығын атап өтті.

2003-2007 жылдар аралығында Халилзад АҚШ-тың Ирак және Ауғанстан елдеріндегі елшісі қызметін атқарды.