АҚШ-тың киносыншылар кеңесі жыл фильмін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ киносыншылар Ұлттық кеңесі жылдың үздік фильмі ретінде американдық режиссер Питер Фаррелидің «Жасыл кітап» (Green book, 2018) атты картинасын атады, деп хабарлайды Deadline Hollywood порталы.

АҚШ-тың киносыншылар кеңесі жыл фильмін атады

«Бұл тамаша достыққа деген жылы әрі шынайы көзқарас, ол махаббат оқиғасы мен аяныш және адамгершілік сезімі жаңғырған сәттің экранға шығарылуы», - деп бөлісті лента туралы пікірімен кеңес директоры Энни Шульхов.

Үздік режиссер атағына «Жұлдыз туылды» (A Star is Born, 2018) картинасын шығарған Брэдли Купер ие болды.

Үздік актер - «Жасыл кітапта» Мылжың Тонидің рөлін сомдаған Вигго Мортенсон, ал үздік актриса - «Жұлдыз туылды» фильміндегі рөлі үшін Леди Гага атанып отыр.

Марапаттау рәсімі 8 қаңтар күні NBR Awards гала-концертінде өтеді.