АҚШ-тың консалтингті компаниясы: Қазақстан дамып келе жатыр

НЬЮ-ЙОРК - ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Қазақстан өз аймағында жаңару жолында бірегей мүмкіндіктерді пайдалана отырып, есептестіре білетін күшке айналып келе жатыр. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен әңгімелескен америкалық «Elizarov Consulting Group» консалтингті компаниясының басшысы Яков Елизаров осылай деп пайымдайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

АҚШ-тың консалтингті компаниясы: Қазақстан дамып келе жатыр

«Қазақстанмен бірлесе бірнеше жыл жұмыс жүргізіп, америкалық серіктестермен байланыс орнатып келе жатқан компанияның өкілі ретінде қазақстандық-америкалық қарым-қатынас дұрыс бағытта әрі оның әлеуеті зор екенін үлкен сеніммен айта аламын. Оқу мен ынтымақтастықтың арқасында адам капиталын арттыру үшін біздің адамдарды жұмылдыру бағытында қосымша күш салу керек», - дейді ол.

Мұнай саласындағы дәстүрлі ынтымақтастық туралы айта келе Я.Елизаров өз сөзінде Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен өнеркәсіптік компанияларды тарту арқылы аймақта өзін көшбасшы қатарынан байқататынын тілге тиек етті.

«Қазақстанның даму болашағы жайлы Н.Назарбаевтың көзқарасы шындыққа айналып, Президенттің АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездесуі екі елдің қарым-қатынасының маңыздылығын дәлелдей түсті», - дейді ол.

Америкалық кәсіпкер өзінің көршілеріне қарағанда халықтың аз болғанына және тоқсаныншы жылдардағы ел экономикасындағы қиындықтарға қарамастан, Қазақстан нарықтық экономикаға көшу мен шетелдік инвестицияларды тарту бағытында сәтті қадамдарды жасағанын айтады.

«Бұл қадамдар Қазақстанға бірегей ұстанымдарды тарту етті. Қазақстан ынтымақтастарымен қарым-қатынасты күшейте отырып, есептестіре білетін күшке айналып келеді», - дейді Я. Елизаров.

Еске сала кетсек, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында америкалық DTN консалтингті компаниясы «Kazakh Invest» АҚ-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын.