АҚШ-тың Луизиана штатында су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Луизиана штатында толассыз нөсер жаңбыр жұма күні басталып, демалыс күндері де тоқтамады. Осыған байланыста штатта төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Нөсер жаңбырдан мыңдаған адам су алған үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Төтенше жағдайдан үш адам қаза тапты.
Ұлттық ұлан мен құтқарушылар жергілікті тұрғындарды тікұшақпен эвакуациялап жатыр.
Көптеген елді мекендерде су деңгейі көтеріліп, жылан көбейіп кеткен.