АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы ауысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы ауысады. Бұл жайлы сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттердегі өз парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы ауысады

«Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшы болады. Ол тамаша жұмыс атқарып келеді! Рекс Тиллерсонға қызметі үшін алғыс айтамын!» -деп жазды Дональд Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Орталық барлау басқармасының жаңа директоры болып алғаш рет әйел адам - Джина Хаспел тағайындалады.

Фото: iop.harvard.edu