АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Керри Б.Немцовқа қастандық жасалғанын естігенде қатты қапаланғанын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей Премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Борис Немцовтың Мәскеудің орталығында қастықпен өлтірілуін естігенде қатты қапаланғанын мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
Джон Керри саясаткер Борис Немцовтың өлтірілгенін естігенде көңілі түскенін айтып, РФ билігін бұл қылмысты тергеуге шақырды.
«Ресей Премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Борис Немцовтың Мәскеу орталығында қастықпен өлтірілгені туралы естігенде қатты қапаландым. Борис Немцов бүкіл ғұмырын одан да демократиялы, гүлденген, ашық Ресейдің құрылуына, Ресей және оның АҚШ-ты қоса алғанда, басқа да елдермен арасындағы берік қарым-қатынастардың орнатылуына арнаған», - деп мәлім етті Д.Керри. «АҚШ Ресейдің билік көздерін бұл қылмысты тергеп, оған кінәлі адамдардың жауапқа тарту бойынша жедел әрекеттер жасауға шақырады», - деді ол.
Сондай-ақ ол Ресей халқына, қастандық құрбаны болған саясаткердің отбасы мен достарына көңіл айтты.