АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 19 трлн доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың қарызы 19 триллион доллардан асты. Оның шамамен үштен бірі студенттік несиелерге тиесілі. Бұл жайт жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып отыр, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 19 трлн доллардан асты

Олар қарыздың көбеюіне америкалықтардың өзге мемлекеттердегі әскери операцияларға қатысуы себеп дейді. Берешек көлемі елдің жылдық жалпы ішкі өнімінен асып кеткен. Ал экономистердің болжамы көңіл көншітпейді. Олардың айтуынша, несие алған студенттердің жұмысқа тұрып, қарызды қайтаруы екіталай. Өйткені бүгінде АҚШ-тың еңбек нарығында бос орындар азайып, еңбеккерлердің жалақылары төмендеп кеткен.