АҚШ-тың «Номер 44» фильмі Ресейде көрсетілмейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалар өлімін тергейтін Кеңес Үкіметінің барлаушысы туралы АҚШ-тың «Номер 44» фильмі ресейлік кинопрокаттан алынды. Бұл ақпаратты РФ Мәдениет министрлігі растады, деп жазады ТАСС.
«Фильмге қатысты шағымдар түсті. Онда тарихи фактілер бұрмаланған. Ұлы Отан соғысына дейін сол кездегі және одан кейінгі оқиғаларды түсірушілер өздігінше көрсетіп, сол тарихи кезеңдегі Кеңес азаматтарының бейнесі мен мінезін дұрыс сомдамаған», делінген хабарламада.
Министрлікте сондай-ақ, бұл фильмді Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында прокатқа шығаруға болмайтыны айтылған. Картинаның Ресейдегі премьерасы 16 сәуір күні өтуі тиіс болған.