АҚШ-тың ОББ директоры күтпеген жерден Оңтүстік Кореяға келді - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Орталық барлау басқармасының (ОББ) директоры Майкл Помпео күтпеген жерден Оңтүстік Корея республикасына келді . Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
None
None

Помпеоның сапары 2 мамырға дейін жалғасады. ОББ директордың бұл сапарының мақсаты КХДР әрекеттеріне екі ел тәсілдерін үйлестіру. Агенттіктің хабарлауынша, бірқатар оңтүстіккорейлік шенеуніктер Ұлттық барлау агенттігінің басшысымен кездесті.

Помпео 9 мамырда мерзімінен бұрын болатын президенттік сайлауда республика президенті лауазымына үміткерлермен кездесті ме, ол жағы белгісіз.

Соңғы екі айда Корей түбегіндегі шиеленіске байланысты, Оңтүстік Кореяға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон және елдің вице-президенті Майкл Пенс сапармен келді. 

Соңғы жаңалықтар