АҚШ-тың оңтүстігінде болған торнадо үш адамның өмірін қиды
ПЕРРИТОН. ҚазАқпарат – Техас штатының солтүстігіндегі Перритон қаласынан кеше кешке өткен торнадо салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
Оклахомамен шекараға жақын маңдағы Перритон қаласының мэрі торнадо үш адамның өмірін қиғанын мәлімдеді, бірақ әзірге нақты құрбандар саны белгісіз.
Торнадо 8000 адам тұратын қаладағы мұнаралар мен трейлер саябағын қиратты. Ол кемінде 30 трейлерді зақымдады немесе қиратты.
Перритон өрт күзеті басшысы Пол Датчердің сөзінше, 50-ден 100 адамға дейін ауруханада жатыр.
Жергілікті Ochiltree General Hospital ауруханасы электр энергиясы жаппай сөніп қалғандықтан, арнайы генераторлармен жұмыс істеп жатыр.
Ұлттық ауа райы қызметі торнадо бейсенбі күні жергілікті уақытпен 17:00 шамасында төнгенін хабарлады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қалада бірнеше торнада болған болуы мүмкін. Жайсыз ауа райы АҚШ-тың оңтүстіктегі штаттарында демалыс күндері де сақталады. Бұршақ жауып, жойқын жел тұрып, торнадоның қайталану қаупі бар.