АҚШ-тың оңтүстік-батысы қардың астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың оңтүстік-батыс аймағында қатты боран соғып, өңірдегі барлық жолдар жабылған, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Бұрқасынның салдарынан мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды. Ұйытқыған жел сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соғып, қардың қалыңдығы 40 сантиметрге жеткен. Ал бұған дейін аймақта жауын жауып, жолдардың көбі көктайғақ болған көрінеді.

Ауа райын болжаушылардың мәлімдеуінше, қарлы боран енді Канзас, Миссури, Техас және Оклахома қалаларына бет алған.

 

Соңғы жаңалықтар