АҚШ-тың орта батысында рекордтық суықтық күтілуде

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың орта батысының тұрғындарына рекордтық аяздарға әзірлену жөнінде ескерту жасалды. Метеорологтардың болжамына қарағанда, жексенбі күнінен бастап суық желдің әсерінен ауаның температурасы Цельсий бойынша 50 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

АҚШ-тың орта батысында рекордтық суықтық күтілуде

Бұл туралы Би-Би-си хабарлады.

Жергіікті өкімет орындары халықтың мүмкіндігінше үйлерінен шықпауын өтінуде.

Өткен сәрсенбіден бері Канаданың бірқатар аудандары мен АҚШ-тың солтүстік-шығыс жағалауында қарлы боран күшейді.

Табиғаттың тосын мінезі салдарынан 16 адам мерт болып, 5 мыңнан астам авиарейс тоқтатылды.