АҚШ-тың салық төлемдеріне қатысты ірі алаяқтық жасаған тұлғалардың арасында қазақстандық азаматтардың бар болуы туралы мәлімет анықталуда

АҚШ Федералды тергеу бюросының алдын ала жарыққа шығарған ақпаратына сәйкес, Сан-Диего қаласында қылмыстық топ екі мыңнан аса адамның дербес деректерін ұрлап алған. Осы ақпарат бұдан кейін салық органдарынан жалпы 17 млн. долларға жуық сома көлемінде артық төленген салықты қайтаруды талап ету туралы өтінішіне қолданған. Салық қызметі алаяқтарға 7 млн. доллар көлемінде ақшаны төлеп үлгерген. Қазіргі уақытта АҚШ құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде.
«Бүгінгі күні аталған мәселе Қазақстанның АҚШ-тағы консулдық бөлімінің бақылауында. Американдық құқық қорғау органдары көрсеткен тұлғалардың арасында қазақстандық азаматтардың бар болуы туралы мәлімет анықталуда. Қосымша ресми ақпараттар келіп түскен сәтте біз бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлайтын боламыз», - деді Ж. Үсенов.