15:58, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
АҚШ-тың санкциялық саясатпен әуестенуі салдарынан Иран өзін-өзі қамтамасыз ететін елге айналды - Раджаб Cафаров
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Иран мен басқа елдерге қатысты санкциялық саясатпен қиянат жасауда. Бұл туралы Астанадағы 12-ші Еуразиялық медиа форум барысында Қазіргі Иранды зерттеу орталығының бас директоры Раджаб Сафаров (Ресей) мәлім етті.
«Американдықтар өздерінің санкциялық саясатымен қатты әуестеніп кетті. Кейбір кездерде олардың іс-қимылына қарағанда, американдықтар бір-бірін естіп, көрмейтін секілді, сондай-ақ олар өздерінің ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттердің мүддесін естігісі келмейді», - деді ол.
Р. Сафаровтың пайымынша, АҚШ тарапы санкциялық шоқпармен қатты әуестенуі салдарынан, кей кездерде олардың саясаты өздерінің мүдделеріне қайшы келуде.
Оның сөзіне қарағанда, АҚШ сакциялары іс жүзінде Иран үшін мүмкіндіктер жолына айналды.
«Көптеген салаларда осы мемлекет Еуропа мен АҚШ-тың санкциялық саясатының арқасында өзін-өзі қамтамасыз ететін елге айналды», - деп түйді ол.