АҚШ-тың шығысы мен Канадада қарлы боран басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың солтүстігі мен Канаданың шығысында Атлантикадан келген қарлы боранға байланысты бес мыңға жуық авиарейс кейінге қалдырылды.
Метеорологтар таяу уақытта 90 см-ге дейін қар түсіп, желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетуі мүмкін деп санайды.
Нью-Йоркте дүйсенбіде осыған байланысты мектептер жабылды, биліктегілер көлігі барларға үйден шығуға тыйым салды.
Кеше Нью-Йорк әкімі Билл де Блазио қала тұрғындарына бұл боранның қала тарихындағы ең күшті қарлы дауыл екендігін ескертті.