АҚШ-тың сирек кездесетін шақасы 3 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемдегі сирек кездесетін шақалардың бірі, яғни 1913 жылы шығарылған америкалық бес центтік Liberty Head шақасы Чикагодағы бәссаудада үш миллион долларға саудаланды.
ВВС-дің жазуынша, аталған шақа оның шығарылуы ресми түрде тоқтатылғаннан кейін 1913 жылы АҚШ-тың теңге сарайында заңсыз шығарылған 5 дананың бірі болып табылады.
50 жылдан астам уақыт бұрын бұл шақа қираған автокөліктің ішінен табылған екен. 10 жыл бұрын америкалық Шақа коллекционерлерінің қауымдастығы бірегей монетаны іздестіруді бастап, қайтадан тапқан болатын.