АҚШ-тың солтүстік шығысын су басу қаупі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың солтүстік батысында бірнеше күн бойы жауған қалың қардан кейін (1 тәулікте жарты метрге дейін) метеорологтар қар еріген жағдайда, су тасқыны орын алуы мүмкін екендігін ескертеді.
None
None

Нью-Йорк штатының билігі қардың арты нөсер жауынға ұласқан кезде кейбір үйлердің құлау қаупі бар екенін айтты.

Би-би-си хабарлағандай, үйлердің шатырын қалың қар басқан. Ал жаңбыр оны ауырлата түседі. Салдарынан шатыр опырылып түсуі мүмкін.

Соңғы деректерге сүйенсек, мөлшерден тыс қардың жаууынан 13 адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі қар тазалап жүріп, жүрек талмасынан көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар