АҚШ-тың сот билігі Қазақстанның екі студентіне айып тақты
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың сот билігі қазақстандық екі студентке Бостондағы марафон кезінде болған лаңкестікті тергеу кезінде сот төрелігін жасауға кедергі келтіргендері үшін айыпты деп тапты.
Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев мамыр айының басында қамауға алынған болатын. Федералды тергеу бюросының мәліметі бойынша, олар лаңкестікті жасауы мүмкін деген жолдастары Джохар Царнаевтың бөлмесіндегі айғақтарды жоймақ болған.