АҚШ-тың Super Hornet жойғыш ұшағы мұхитқа құлады
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Американың F/A-18E Super Hornet жойғыш ұшағы Вирджиния жағалауында мұхитқа құлады, деп хабарлады Би-Би-Си.
Ұшақтан дін аман шыққан ұшқышты балықшылар құтқарып алды. АҚШ Әскери-теңіз күштері сайтындағы ақпаратқа қарағанда, оқиға кеше күндіз жағалаудан 70 шақырым жерде орын алған. Ұшақтың апатқа ұшырау себептері белгісіз.