АҚШ-тың Техас штатында белгісіз адам шіркеуде оқ атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатының оңтүстігіндегі Сан-Антонио қаласына жақын аймақтағы белгісіз адам баптистер шіркеуінде оқ атты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы CBS телеарнасының филиалы болып табылатын жергілікті KENS5 телеарнасы хабарлады. Аталмыш телеарнаның хабарлауынша, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Бұл ақпарат ресми түрде тіркелмеді.