АҚШ-тың The Exchange тобы Қызылордада өнер көрсетеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- The Exchange заманауи американдық а капэлла тобы Қазақстанның 3 қаласына (Астана, Қызылорда, Алматы) 2016 жылдың Наурыз айынының 28-нен Сәуірдің 5-не дейін сапар шегеді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бағдарлама - «Шетелдегі америкалық музыка» атты АҚШ Мемлекеттік департаментінің бөлігі және биылғы жылы тойланатын АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған Қазақстандағы АҚШ миссиясының науқанының ішіндегі мәдени шаралардың бірі.

2012 жылы жігіттерден құралған топ ерекше қайталанбас стилімен және рок, опера, R&B, хип-хоп бағытында а капэлла орындалатын репертуарларымен көзге түсті.

Топтың бес мүшесінің әрқайсысы - Аарон Спербер, Альфредо Остин, Кристофер Диаз, Джамал Мур, Ричард Штайнер - өздеріне тән анық түсті дауыстарымен музыканы әрлендіре түседі.

The Exchange тобы бір сахнада танымал Olly Murs, Flo Rida, Sara Bareilles, Wynton Marsalis, Boyz II Menмен өнерлерін көрсетті; McDonalds, Kraft, және NY Giantsпен бірігіп жұмыс жасады; сондай-ақ, The Daily Show, Rolling Stone, Ryan Seacrest, Perez Hilton, және Entertainment Weekly атты танымал түсірілімдерге қатысты. Көп ұзамай the Backstreet Boys тобымен бірге әлемнің 32 қаласын шарлап, бірге өнерлерін сомдады.
Бағдарлама жайында айтатын болсақ, Қазақстандағы АҚШ Миссиясының Баспа, Білім және Мәдениет Консулы былай дейді: «Мәдениет пен музыкаға өте бай Қазақстан еліне The Exchange тобын әкелетінімізді мақтаныш етеміз. Топтың әр мүшесі музыкадағы өзіндік айқын стилімен көрерменнің көңілін жаулап, нәтижесінде өнерге тәнті болған көрерменді аяғына тік тұрғызады. Топ әншілерінің өмірбаяндарының әртүрлілігі түрлі салт-дәстүрге бай көпұлтты Қазақстанның көңілінен шығады деп сенемін. Сондай ақ, The Exchange тобының сапары барысында көптеген шеберлік сыныптары пен семинарлар өткізілетіндігіне де қуаныштымыз, себебі ол жергілікті оқушыларға, студенттерге, музыканттарға, жалпы жастарға ары қарай топпен бірігіп қарым-қатынас жасауға және олардан білім алуға зор мүмкіндік береді».
The Exchange тобының Қазақстанға сапарында Астанада The Exchange тобы қазақстандық A Capella Apriori, Ардана, Ләйлә Тәжібаева сияқты орындаушылармен бірге өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар