АҚШ-тың ұлттық мұрағатынан 1 терабайт құпия мәліметтер жоғалды

None
None
ВАШИНГТОН. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – АҚШ ұлттық мұрағатынан экс-президент Билл Клинтон әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері туралы көптеген мәліметтер бар қатты диск жоғалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Онда, атап айтқанда әлеуметтік қамсыздандыру нөмірлері, мекенжайлар, сондай-ақ Құпия қызмет пен Ақ үй қызметі туралы кейбір ақпараттар болған. Ұлттық мұрағаттардың ресми өкілі Сьюзан Купер дискіде кімдердің жеке мәліметтері болғаны туралы ақпарат беруге дайын екенін айтты. Бұл туралы Б.Клинтонның өкілдеріне хабарланды, алайда экс-президенттің, сондай-ақ оның зайыбы Хилларидің бұдан зардап шеккен-шекпегені белгісіз. Федералдық барлау қызметі мәліметтердің жоғалуына байланысты қылмыстық тексеруді бастады. Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, дискіде көлемі 1 терабайт ақпарат болған.
Соңғы жаңалықтар
telegram