АҚШ-тың Висконсинінде болған атыстан 4 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Висконсин штатында болған атыстың салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады Fox 11 News арнасы.
Оқиға, сәрсенбі, 22 наурыз күндіз, штат орталығы Маратор округінде орын алды. Бастапқыда полиция Ротсчайлд кентінде банк маңында атыс болды деген хабарлама алған. 10 минуттан соң көрші Шофилд елді мекенінде және адвокат бюросы ауданында осындай жағдайға қатысты шақырту түскен. Бұдан кейін бірнеше минуттан соң үш шақырым жерден атыс естілген.
Полиция өкілдері баспасөз мәслихатында аталған эпизодтардың бір-бірімен байланысты екенін растады. Бір адам ұсталды, халықтың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Күдіктінің есімі, не үшін мұндай әрекетке барғаны айтылмады.
Атыстан бір полицей, үш азаматтық тұлға қайтыс болды. Атыс болған жердегі тұрғындар бөлігі эвакуацияланды. Мектепте бірнеше сағатқа қатаң оқшаулау режімі енгізілді.