АҚШ-тың жағалау күзеті ескекті қайықпен Атлантиканы кесіп өтпек болған британдықты құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жағалау күзеті жалғыз өзі ескекті қайықпен Атлантика мұхитын кесіп өтпек болған британдық Найалл Макдональдқа көмек беруге мәжбүр болды.

АҚШ-тың жағалау күзеті ескекті қайықпен  Атлантиканы кесіп өтпек болған британдықты құтқарды

40 жастағы Макдональд жүзуге осыдан бір апта бұрын Нью-Йорктен шыққан болатын. Ал саяхатын шамамен үш айдан соң Шотландияда аяқтауды жоспарлаған.Бірақ Нью-Йорк штаты жағалауынан 80 шақырым шыққан кезде ол бірнеше рет көмек сұраған дабыл белгісін жіберген. Британдықты Бейонн қаласында орналасқан (Нью-Джерси штаты) жағалау күзетінің катері құтқарды. Құтқарушылардың айтуынша, Макдональд басынан және арқасынан жарақаттанған. Ол шұғыл түрде Бейонн ауруханаларының біріне жеткізілді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал саяхатшыға не болғандығы белгісіз, тек ол аумақта тұман түсіп, асау толқындар байқалған.