АҚШ-тың жаңартылған 100 долларлық банкноты 2011 жылы айналымға енгізіледі

trong> Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - АҚШ валютасының құрама штаттар аумағынан тыс жерде ең көп қолдан жасалынатыны 100 долларлық номинал.

АҚШ-тың жаңартылған 100 долларлық банкноты 2011 жылы айналымға енгізіледі

Бұл жайлы бүгін Алматыда өткен тұсаукесерде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Валютаның қайта жобалануы жалғаспалы және АҚШ үкіметіндегі тұрақты үрдіс. 100 долларлық жаңа банкнот АҚШ валютасының 2003 жылы басталған 5-ші соңғы номиналы. Бұған дейін жаңа дизайндағы 50, 10 және 5 долларлық банкноттар енгізілген болатын. 100 долларлық ең жоғары номинал және ел аумағынан тыс жерде кең таралған. Әлемде айналымда жүрген АҚШ валютасының 1 пайызы қолдан жасалады. Оның ішінде қолдан ең көп жасалынатыны - 100 долларлық номинал. Осы себепті АҚШ үкіметі соңғы 10 жылда бүкіл әлемде сапалы және ауқымды зерттеулер жүргізді. Жаңартылған 100 долларлық купьюра соның нәтижесі болып отыр", дейді АҚШ Бас Консулдығы басшысының міндетін атқарушы Роберт Лэйн. Оның айтуынша, жаңартылған 100 долларлық банкот 2011 жылы ақпаның 10-ында айналымға енбек. Оны жасанды бакноттан айыру өте жеңіл.