АҚШ үкіметі 25 қаңтарда өз қызметшілеріне толассыз жауған қарға байланысты демалыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка астанасында орналасқан АҚШ федералдық үкіметінің министрлігі мен ведомстволары 25 қаңтарда «Джонас» қарлы боранына байланысты демалатын болды. Бұл туралы жексенбі күні кешке АҚШ федералдық үкіметінің кадрлар басқарамасы жариялады, деп мәлімдеді ТАСС.
АҚШ астанасы орналасқан Колумбия федералдық округінде жергілікті билік өкілдері дүйсенбі жұмыс істемейді. Бұл жағдай сол жерге жақын Вирджиния мен Мэрилендте де орын алды.
Вашингтонда және оған жақын маңда жұма-сенбі күндері боран соғып, қар биіктігі бір метрге дейін жетті. Жексенбіде қалада күн ашық болып, қар тазалауға мүмкіндік туды. Америкада температура әлі де минусты көрсетуде. Бүгін күндіз нөл градусқа жылынады.