08:52, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
АҚШ Үкіметі жанындағы Халықаралық даму жөніндегі агенттікке құрамы белгісіз күмәнді конверт келіп түсті - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Кеше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан АҚШ Үкіметі жанындағы Халықаралық даму жөніндегі агенттікке күмәнді конверттің келіп түскені хабарланды.
Таратылған мәліметке сәйкес Агенттіктің қызметкерлері кері мекен-жайы көрсетілмеген және құрамы белгісіз конвертті 13 сағат 30 минутта келіп түскен хаттарды сұрыптау барысында тапқан.
Конверт арнайы контейнерге орналастырылып, Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына сараптамаға жіберілді.