АҚШ: Украина авторлық құқықты бұзу бойынша алда тұр

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ билігі Украинаны зияткерлік меншік құқын бұзушылардың көшін бастап тұр деп атады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
None
None

Вашингтонның мәліметінше, Украинада зияткерлік құқықты қорғау ахуалы басқа елдерге қарағанда төмен деңгейде.

АҚШ-тың Сауда мәселесі бойынша өкілінің баяндамасында Киев интернеттегі қарақшылықпен тиімді күресе алмай отырғандығы атап өтілген. Сонымен қатар бұл елде бағдарламалық қамтамасыз етуді заңсыз кеңінен пайдалану проблемасы да өткір тұрған көрінеді.

Вашингтонда атап өткендей, бұндай бағдарламалық қамтамасыз етумен Украинаның мемлекеттік мекемелері де пайдаланады екен.

Бұған қоса АҚШ-тың Сауда мәселесі бойынша өкілі егер де, Киев зияткерлік меншік құқын қорғау үшін тиісті шаралар қолданбаса, онда Украина бірқатар сауда жеңілдіктерінен шектелетінін алға тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар