АҚШ Украина мен Ресей келіссөздеріне қатысу не қатыспау туралы шешімді осы аптада қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілік туралы келісімге жақын арада қол қойылуы керек екенін айтты. Егер олай болмаса Вашингтон келіссөздер процесінен шығады, деп жазады ВВС.

Марко Рубио
Фото: Х / @marcorubio

- Бұл іс тез арада жүзеге асырылуы керек. Егер нәтиже болмаса біз одан әрі оған бекерден бекер уақыт пен ресурстарды шығындай алмаймыз, -деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы америкалық NBC телекомпаниясының «Meet the Press» бағдарламасына берген сұхбатында.

- Бұл апта өте маңызды болады, себебі біз осы уақыт аралығында осы бастамаға қатысамыз ба, жоқ өзге мәселелерді назарға аламыз ба, деген сұрақ бойынша тиісті шешім қабылдауымыз керек.

Рубио осыған дейін де егер нақты нәтиже шықпайтын болса, АҚШ Украинада бейбітшілік орнату ісіне ұмытылысын тоқтатады, деп бірнеше мәрте қорқытқан болатын. Дегенмен ол аталған мәселе бойынша осы аптада шешім қабылданады деп алғаш рет мәлімдеді.

БАҚ мәліметтері бойынша, АҚШ Ресей мен Украинаға жағдайды бейбіт реттеу туралы жоспар ұсынған. Оған сәйкес, қазіргі майдан шебі осы жерден тоқтайды. Киев болса НАТО-ға кіру үмітінен қол үзеді, ал Вашингтон Ресейдің Қырымды аннексиялағанын және Укринаның оккупацияланған аймақтарына бақылау орнататынын заңды түрде мойындайды. Ол үшін Украина қауіпсіздігіне кепілдік беру керек (құжатта ол туралы ешқандай мәлімет жоқ).

БАҚ-тағы дереккөздердің хабарлауынша, бұған жауап ретінде Украина мен оның еуропалық одақтастары өздерінің жоспарын ұсынды. Онда Киевке қауіпсіздік кепілдігі беріліп, елді «мұздатылған» ресейлік активтер есебінен қалпына келтіру мәселесі қамтылған.

Бұған Ресейдің көзқарасы қалай екені әзірге хабарланған жоқ.

Осыған дейін Трамп Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісім бойынша жұмыс сәтті жүріп жатқаны туралы айтты.

Зеленский Еурокомиссия және Франция, Ұлыбритания, Италия басшыларымен кездесті.

 

Соңғы жаңалықтар