15:39, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрі лаңкестік қаупі туралы ескертті
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Лаңкестік қаупі Америка Құрама Штаттары үшін 2001 жылдың қыркүйегінен бері қазіргі кезде ең жоғары деңгейге жетті.
Мұндай мәлімдемені АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрі Джанет Наполитано АҚШ Конгресіндегі мәжілісте жасады, деп хабарлайды РБК.
Оның пікірінше, "Аль-Кайедадан" басқа қауіп төндіретін адамдар сол Құрама Штаттардың ішінде де жетіп артылатын көрінеді. "Елді «шыны қақпақпен жауып қою» мүмкін емес, сондықтан жаңа шабуылдың қайталанбасына ешкім де кепілдік бере алмайды", - дейді Дж.Наполитано.