АҚШ Үндістанның Иран мұнайын сатып алуына тыйым салды

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Үндістанды Иран мұнайын сатып алудан бас тартуға шақырды.
None
None

Әйтпесе Нью-Делидің өзіне қатысты жазалау шаралары қолданылуы мүмкін екені ескертілді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

«Росбалт» жазғандай, Клинтон Иранның ядролық бағдарламасы әлемге қауіп-қатер төндіретінін атап өтті. Мемлекеттік хатшының сөзіне қарағанда, Үндістан билігі Иран мұнайынан бас тарта отырып, Тегеранның ядролық үстемдігіне қарсы күреске өз үлесін қоса алады. Клинтон сондай-ақ басқа да жабдықтаушылардың көмегімен Нью-Дели энерготасымалдаушылардың қажеттілігін қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үндістан Иран мұнайын шамамен жылына 11 миллиард долларға сатып алатын. Алайда Еуропалық одақ ол елден қара алтын сатып алуды тоқтату туралы шешімге келгеннен кейін, Үндістан мұнай сатып алуды аздап қысқартты. Соған қарамастан, бұл жағдай АҚШ-ты қанағаттандырып отырған жоқ. Вашингтон бұдан да гөрі батыл шаралар қабылдауды талап етіп, Үндістан Үкіметіне қысым көрсетуді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар