АҚШ университетке жасалған «қанды шабуыл» үшін сирия билігін айыптауда

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік департаменті Алепподағы университеттің аумағында болған лаңкестік акті үшін жауапкершілікті сирия әскеріне жүктеді.

АҚШ университетке жасалған «қанды шабуыл» үшін сирия билігін айыптауда

15 қаңтарда болған бірқатар жарылыс 87 адамның өмірін қиды, 150-ден астамы жарақаттанды, деп хабарлады РБК.

Бүгін Американың сыртқы саясат ведомствосы Сирия қаласында болған аумағы бойынша екінші орындағы қайғылы жағдайларға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Мемлекеттік департамент куәгерлердің мәлімдемелерін алға тартуда, олар үкіметтік авиация университеттен алыс емес маңда бірнеше жарылыс жасағанын айтуда. Шабуыл салдарынан студенттер мен босқындар қаза болды, деп хабарланды ведомстводан.