08:02, 01 Наурыз 2019 | GMT +5
АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар уәде етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ билігі «Әл-Қаида» лаңкестік ұйымы басшыларының бірі саналатын Хамза бен Ладеннің қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар сыйақы беруге уәде етті. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Кем дегенде 2015 жылдың тамызынан ол интернетте өзінің ізбасарларын АҚШ және оның батыстағы одақтастарына шабуыл жасауға шақырған аудио- және видеохабарламалар таратқан», - делінген онда.
Хамза бен Ладен америкалық әскерилер өлтірген әкесінің кегін қайтарамын деп қоқан-лоққы жасаған.