АҚШ Венесуэланың мұнай тасымалдайтын 6 компаниясына санкция салды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроның әйелі жағынан үш туысына, онымен байланысы бар бір бизнесменге және Оңтүстік Америкадан мұнай тасымалдайтын алты компанияға жаңа санкциялар салды, деп жазады Синьхуа.

АҚШ Венесуэла маңында есірткі тиеген кемеге оқ атты
Фото: report.az

Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады.

— Николас Мадуро мен оның қылмыстық сыбайластары Венесуэлада АҚШ аумағын америкалық халықты улайтын есірткімен толтырып жатыр, — деп мәлімдеді АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент.

Бір күн бұрын Пентагон Венесуэла жағалауында мұнай танкерін басып алған болатын.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бірнеше айдан бері Н. Мадуроға қысым көрсетіп, оны заңсыз есірткі айналымымен айналысатын террористік ұйымды басқарады деп айыптап келеді.

Ал Израиль Сыртқы істер министрі Венесуэланы өңірдің тұрақтылығын бұзды деп кінә тақты.

Өткен айдың аяғында Дональд Трамп Венесуэла үстін және оған жақын аймақтағы әуе кеңістігін толық жабу туралы шешім қабылдады.

Өз кезегінде Венесуэла өзінің әуе кеңістігінде егемендігін жариялады.

Соңғы жаңалықтар