АҚШ вице-президенті НАТО-дағы одақтастарымен консультациялар өткізді
БРЮССЕЛЬ. Наурыздың 11-і. Қазақпарат /Ержан Оспанов/ - Кеше АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Брюссельге сапары барысында НАТО солтүстікатлантикалық кеңесінің жұмысына қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. АҚШ вице-президенті мен НАТО бойынша одақтастар «американдық стратегиялық шолу» деп атататын құжатты әзірлеу үшін Ауғанстан мен Пәкістан проблемаларына қатысты консультациялар өткізді. Бұл үдерісті және Президент Барака Обаманың жақында қабылдаған Ауғанстанға қосымша күштер жөнелту жөніндегі шешімін кеңес оң бағалады. НАТО-ның тұрақты өкілдері Ауғанстанның ұлттық армиясы мен полициясын қолдау мәселесінде келісімге келді және күш-жігерді есірткімен күреске және бейбіт халықтың арасында құрбандықтарды барынша азайтуға жұмылдыру туралы шешімді мақұлдады.