АҚШ вице-президенті Таяу Шығысты аралайды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - АҚШ вице-президенті Джо Байден осы демалыс күндері БАӘ-да болып, Әбу-Дабиде және Дубайда елдің басшыларымен кездесулер өткізеді.
Джо Байден жұбайы Джиллмен бүгін БАӘ-ға ұшып келеді. Кейін Израиль премьер-министрі Биньямином Нетаньяхпен, елдің президенті Реувен Ривлинмен және палестиналық лидер Махмуд Аббаспен кездесу үшін Иерусалим және Рамаллахқа аттанады.
Дж.Байден турнесінің соңғы елі Иордания болмақ. Онда Ақ үйдің өкілі «Ислам мемлекетінің» белсенділігі мен Сириядағы қақтығыс мәселелерін талқылау үшін Абдалло II королімен кездеседі.
Америкалық сарапшылардың пікірінше, Дж.Байденмен БАӘ билігімен Сириядағы жағдайды талқылап, бұл елдегі уақытша татуласу мүмкіндігіне баға беріп, аймақтағы оқиғалардың дамуының түрлі сценарийлерін сөз етеді.