АҚШ вице-президентінің ұшағы құспен «соқтығып» қалды
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-тың вице-призиденті Джозеф Байден ұшатын «Борт №2» Санта-Барбараның әуежайына қону кезінде бір топ құспен соқтығысты, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг Би-Би-Си-ге сілтеме жасай отырып.
Ұшқыш әуе кемесін жерге қондырды. Абырой болғанда, вице-президент пен оны жанында жүрген әкімшіліктің қызметкерлері зардап шекпеді.
Алайда «борт №2» ұшағына қаншалықты зақым келтірілгені белгісіз. Дегенмен қауіпсіздік мақсатында Дж.Байден Вашингтонға басқа ұшақпен ұшып кетті.
АҚШ-тың вице-призидентіДжозеф Байденнің ұшағымен болып тұрған бұл оқиға бірінші емес. 2010 жылы Нью-Йорк штатында жерге қонар кезде оның ұшағының борты жеңілмоторлы ұшақпен соқтығысқан болатын. Төтенше жағдайдың орын алуына қарамастан, онда да ешкім зардап шекпеді.
Айта кетейік, вице-президенттің көлік кортежі бірнеше рет жол-көлік апатына тап болған. Бірінші рет оның кортежі басқа көлікке соғылған, ал екінші рет Дж.Байденнің брондалған лимузині көлікпен соқтығысып, бір адам көз жұмған болатын.