АҚШ: Вирджинияда болған атыс салдарынан екі адам мерт болды

ВИРДЖИНИЯ. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының Вирджиния-Бич қаласында (Вирджиния штаты) сенбіге қараған түні болған бірнеше атыс кезінде екі адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды. Бұл туралы сенбі күні жергілікті полиция басшысы Пол Ньюдигейт мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС телеарнасына сілтеме жасап.

АҚШ: Вирджинияда болған атыс салдарынан екі адам мерт болды

Телеарнаның мәліметінше, жұма күні кешке полицейлер келіп түскен қоңырау бойынша оқиға орнына барған, онда оқ тиген сегіз адамды тапқан. Қылмыс орнына жақын маңда тәртіп сақшылары белгісіз адаммен атысқан. Ақыры оны атып өлтірген.

Сондай-ақ, ABC хабарлағандай, полиция қызметкерлері тағы бір қылмыс орнынан оқ тиіп өлген адамның мәйітін тапқан. Бұл оқиғаның жоғарыда айтылған жағдаймен байланысы жоқ екені атап өтілген.