АҚШ ядролық үштік дайындығын сақтау үшін жұмыс істеп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Әскери-әуе күштері елдің ядролық үштігінің бомбалаушы және жерүсті зымыран құрамдастарының жауынгерлік әзірлігін сақтау мәселесін шешіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі АҚШ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-әуе күштерінің жаһандық соққыға қарсы қолбасшылығының басшысы генерал Томас Бюссьер бұл туралы Митчелл аэроғарыштық зерттеулер институтында берген сұхбатында мәлімдеді.
- Қазір әлем менің (бүкіл) мансабымдағыдан да қауіпті. Осымен қоса, бізде қазір бүкіл ядролық үштікті қайта капиталдандыру бар. Ендеше, болашақтың міндеті – біз жаңа мүмкіндіктерді іске асырғанша қазіргі стратегиялық тежеу позициямызды сақтау. Сонымен бірге біз толық жауынгерлік қабілетті сақтауымыз керек, - деді Томас Бюссьер.
Құрлықтағы континентаралық қанатты зымырандар мен әуе күштері басқаратын стратегиялық бомбалаушы ұшақтардан, сондай-ақ теңіз флоты басқаратын сүңгуір қайықтарға негізделген баллистикалық зымырандардан тұратын ядролық үштік АҚШ-тың қарсыластарына тәулік бойы тосқауыл қоюға арналған.
Ядролық триаданы қайта капиталдандыру Әскери-теңіз күштерінің флотын «Columbia» класындағы жаңа баллистикалық зымыран сүңгуір қайықтармен және «B-21 Raider» сияқты жаңа бомбалаушы ұшақтармен жаңартуға және ескірген «Minuteman III» континентаралық баллистикалық зымырандарды жаңа «Sentinel-дерге» ауыстыруға бағытталған.
АҚШ-та конгресс назарына ядролық қаруды қолданудың жаңартылған стратегиясы туралы есеп ұсынылды.