АҚШ ядролық күштері қолбасшысының орынбасары қызметінен шеттетілді
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ ядролық күштері қолбасшысының орынбасары, вице-адмирал Тим Джардин қызметін атқарудан уақытша шеттетілді, ол құмар ойындарға үйір болуға күдіктелуде, деп хабарлады РБК.
Вашингтондық шенеуніктердің айтуынша, бұл қыркүйек айының басында-ақ белгілі болған, бірақ жария етілмеген. Айоведегі ойынханада вице-адмирал жалған ойын фишкаларын қолма-қол ақшаға айналдыруға әрекет жасаған. Қарулы күштер өкілінің мәліметтеріне қарағанда, ойын фишкалары мардымсыз соманы құраған.
Пентагон тергеу кезінде вице-адмиралдың ведомство жұмысына араласуына тыйым салынғанын нақтылады.