АҚШ ЮНЕСКО-да дауыс беру құқығынан айырылды

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымында /ЮНЕСКО/ дауыс беру құқығынан айырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Шешім ЮНЕСКО-ның жарғысына сәйкес АҚШ әкімшілігінің ұйымды қаржыландыруды тоқтату туралы шешімінен кейін екі жылдық мерзім өткен соң автоматты түрде күшіне енді. Мұндай қадамға бара отырып, Вашингтон Палестинаға ЮНЕСКО мүшесі мәртебесін беруге өзінің келіспейтіндігін көрсетті.

АҚШ-тың халықаралық ұйымның қызметіне қаржылық үлесі 80 млн. долларды құраған, бұл ЮНЕСКО бюджетінің 22%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар