АҚШ заңсыз мигранттар мәселесін үшінші елдермен тікелей талқылауы керек – Мексика президенті
АСТАНА. KAZINFORM – Құрама Штаттар құжатсыз мигранттарды олар келетін үшінші елдермен, соның ішінде Куба және Венесуэламен депортациялау туралы тікелей келіссөздер жүргізуі керек. Бұл туралы бейсенбі күні Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор өзінің күнделікті баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Ол Вашингтонның бұл мемлекеттермен қарым-қатынасы нашар екенін, бірақ көші-қон бойынша келіссөздер оларды жақсартуға көмектесетінін атап өтті.
«Барлығымен қарым-қатынасымыз өте жақсы болғандықтан, бізде келісімдер бар және біз Мексикадан кез келген елге мигранттарды жібере аламыз», - деп мәлімдеді А.М. Лопес Обрадор.
Ол АҚШ президенті Джозеф Байден Құрама Штаттардан баспана сұрау үшін АҚШ-Мексика шекарасын кесіп өтуге болатын адамдардың санын қатаң шектеу туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін екінші күн қатарынан миграция туралы мәлімдеме жасап отыр.
Әртүрлі елдерден келген мигранттар Америка Құрама Штаттарына жетуге тырысатын Мексикаға солтүстік көршісінің көші-қон саясатындағы, әсіресе шекара маңындағы өзгерістер қатты әсер етіп отыр.