АҚШ зерттеушілері арықтаудың әдісін тапты

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты университетінің ғалымдары лазердің көмегімен аштықты қалай бақылауға болатынын ойлап тапты, деп хабарлайды segonya.ua.
None
None

The Daily Mail-дің жазғанына қарағанда, ғалымдар генетикалық үлгідегі тышқанның ми бөліктерінің жарыққа қалай әсер ететінін байқап көрген.

Тәжірибе жасау барысында мамандар кеміргіштерде ми мен асқазанның аш екенін білдіретін белгілі бір заттармен алмасатынын анықтаған. Зерттеушілер лазерді қосқан кезде тышқанның миы асқазанға оның үнемі азықтануы керектігін талап еткен.

Ал лазер сөніп тұрған кезде кеміргіш тіпті бірнеше күн бойы аш болса да, кейін тамақ жегісі келмеген.

Американдық зерттеушілер аталған зерттеу қорытындысы бойынша дәстүрлі әдістер көмегімен немесе ерік жігеріне байланысты тамақтан бас тарта алмайтындарға арықтауға көмектесетін тәсіл ойлап табуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар