АҚШ жаңа кемесін «жарып» көрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - USS Jackson (LCS-6) кемесін сынау кезіндегі фото жарияланды. Jackson-ның төзімділігін анықтау үшін оның жанында қуатты жарылыс жасады. 4,5 тонналық жарылғыш зат кемеден 90 метр жерде қопарылды.
Сынақтың барысы толық кадрға ілікпеді. Дегенмен АҚШ әскерилерінің сөзіне қарағанда, кемеге аса көп зақым келтірілмеген. Алдағы уақытта «Джексон» тағы бірнеше сынақтан өтіп, кейін оған түзету енгізілмек.
USS Jackson - Independence типті LCS деңгейлі аймақтың үшінші әскери кемесі. Кемеде бір қару 57-мм, сонымен қатар RAM зенитті зымыран кешені бар. Оның бортында екі SH-60 немесе БПЛА тікұшағы бар.