АҚШ: Жаңа Орлеанда атыс болып, 10 адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Жаңа Орлеанда (Луизиан штаты) атыс болды. Кемінде 10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты қалалық полиция растады.
None
None

Оқиға қалалық саябақта 19:00-дер шамасында орын алған, - деп хабарлады Жаңа Орлеан құқық қорғау органдарының ресми өкілі Тайлер Гэмбл. Оның айтуынша, жедел жеткен наряд дүрлігіп шулаған халықтың арасынан әрең өткен. Атысқа дейін жиналған халықтың бір бөлігі қыдырып жүрсе, кейбірі 26 қараша алғыс күнінің алдында шеруге шығып, оны бейнекамераға түсіріп жүрген.

Полиция қанша адам ауыр жарақат алғандығынан хабарсыз.

Куәгерлер атыстың криминалдық астары барын растауда, деп хабарлады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар