АҚШ жаңа «Жібек жолын» тартып жатыр

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ-та Оңтүстік және Орталық Азиямен байланыстыратын жаңа «Жібек жолы» салынып жатыр.
None
None

Жаңа «Жібек жолы» аясында (The New Silk Road) АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия елдерімен сауда байланысын нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі, деп хабарлайды «Америка дауысы».

«Жаңа «Жібек жолы» Оңтүстік және Орталық Азиямен арадағы осы аймақтың елдеріне, әсіресе Ауғанстан мен Пәкістанға пайда әкелетіндей сауда және транзиттік байланыстың жетілдірілген әрі кеңауқымды желісіне айналуы тиіс», - деп ескерді Мемлекеттік хатшының көмекшісі Роберт Блэйк.

Болашақ аймақтық серіктестіктің мысалы ретінде Блэйк Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан мен Үндістанды жалғайтын газ құбырларының құрылысы жобасын айтып өтті. Әрі қарай ол Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстан аумағы арқылы Пәкістанға электр энергиясын тасымалдауға мүмкіндік беретін «CASA-100» жобасын еске алады.

Соңғы жаңалықтар